23 Мамыр 2019, 17:07 498 0 Қоғам "Түркістан" газетінің авторлары

Ортақ мәселелерді шешуде күш біріктіруді қалаймыз - Дариға Назарбаева

Алматыда болып жатқан Еуразиялық медиа форумға 60 елден 500-ден астам делегат қатысып жатыр. Парламент Сенатының Төрағасы, ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева форум аясында бірқатар кездесулер өткізді,

Форумның арнайы қонағы Армения президенті Армен Саркисянмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Армения Президенті ірі халықаралық медиа құрылымдардың өкілдері мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосатын Еуразиялық медиа форумның әлеуеті зор екенін атап өтті "Бүгінгі әлем – деглобализация үдерістерін, тұтыну дағдарысын, медиа-саланы цифрландыру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды интеллектпен ұштасқан даму мүмкіндіктері мен сын-қатерлерді талқылау" биылғы жылы форумның тақырыбына айналып отыр

"Біз ашық пікірлесу ымырасыз ұстанымдарды жақындастыруды, өзара түсіністік пен төзімділікке ықпал етуін, ортақ мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіруді қалаймыз" , - деді Еуразиялық медиа форум ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева өз сөзінде.

Euronewsтің әріптестік және әртараптандыру жөніндегі аға вице-президенті К. Оикономумен кездесу барысында ЕАМФ пікірсайыстарының маңызы мен оның өсіп келе жатқан беделі атап көрсетілді.

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар