23 Мамыр, 14:33 334 0 Білгенге маржан "Түркістан" газетінің авторлары

Алматы әкімі жаңа жоба жайында айтты

Нұрсұлтан мен Алматыда балалар үшін "Уолт Дисней" студиясының қазақша дубляждалған "Аладдин" фильмінің қайырымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұл Президенттік "Болашақ" стипендиясы түлектері құрған осы аттас қайырымдылық қор үшін 29 кинокартина. 8 жыл бұрын біз балалар мен жастар арасында мемлекеттік тілдің қанат жаюына, қазақ тілінде сапалы және бәсекеге қабілетті контент қалыптастыруға белсенді түрде көмектесе бастадық. ⠀

Дубляж бойынша алғашқы жобаға кезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батасын берген. Бүгінгі күні "Өзіңнен баста" әлеуметтік жобасы көрермендердің де, сонымен қатар қаржылай қолдауынсыз бұл жобаның іске асуы мүмкін емес ел бизнесінің де жүрегінен айшықты орын алды", - деп жазды Байбек.

Оның айтуынша, қордың тағы бір маңызды бағыты "Әрбір бала мектепке лайық" жобасы. Біз Қазақстанның 9 қаласында инклюзивті қолдауға бағытталған 20 кабинет аштық. Жаңа оқу жылында тағы да осыншама кабинет ашылатын болады. "Аутизмге және басқа да ментальді ауытқушылықтарга шалдыққан 250 бала күн сайын мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. 1200-ге жуық отбасыға кеңес берілді. 800-ден астам маман арнайы оқудан өтті. Қолданыстағы заңнамаға 60-тан астам өзгеріс енгізілді. ⠀ Біздің бастамаларымызға қолдау білдірген барлық азаматтарға үлкен алғыс айтамыз. Тек бірігіп қана біз елімізді одан арi дамыта аламыз!", - деп жазды Алматы әкімі.

Карымхан Қали

Соңғы жаңалықтар