Жалған хабар Францияның екі ұшағын жолдан қалдырды

Жалған хабар Францияның екі ұшағын жолдан қалдырды

Жалған хабар Францияның екі ұшағын жолдан қалдырды
ашық дереккөзі

АҚШ-тан Францияға ұшпақшы болған «Air France» әуекмопаниясының екі ұшағы «бомба жарылуы мүмкін» деген хабарламаға байланысты шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Бірақ көп ұзамай жалған ақпаратты телефон лаңкестері таратқаны белгілі болды.

Парижге бағыт алған қос ұшақтың бортында жарылғыш құрылғы болуы мүмкін деген күмәнді ақпарат түсе салысымен әуекомпаниясының диспетчерлік орталығы ұшақтарға шұғыл түрде жерге қонуды бұйырған. Соның салдарынан Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласынан шыққан ұшаққа Юта штатының Солт-Лейк-Сити әуежайына, ал Вашингтоннан ұшқан екінші ұшаққа Канаданың шығысындағы Галифаксе қаласының әуежайына аялдауға тура келді.

Ұшақтар мұқият тексерілген соң, бортта ешқандай қауіпті заттың жоқ екені анықталды. Қазір жалған ақпарат таратып, әуе тасымалына кедергі келтірген телефон лаңкестері іздестірілуде.