2025 жылға қарай кадр тапшылығы қалай болмақ?
2025 жылға қарай кадр тапшылығы қалай болмақ?
Елордада өтіп жатқан ХІІ Астана экономикалық форумында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 2025 жылға қарай кадр тапшылығы 570 мың адамнан асатынын айтты.
Министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай халық саны 1 млн 600 мыңға өсіп, 19 млн 800 мың адамды құрайды деген болжам бар. Жұмыс күшінің саны 6,7 пайызға артып, 9 млн 800 мыңға дейін жетеді. Сондай-ақ, ведомство басшысы еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жұмыс күшінің ауыл шаруашылығынан білім беру, құрылыс, көлік, сауда және басқа да қызмет түрлеріне ауысуы мүмкін екенін атап өтті.