16 Мамыр, 16:45 193 0 Білгенге маржан Арман Құдайберген

Жаңбыр суының пайдасы

Жаңбыр суы жазда өсімдіктердің құрғап қалмауына әсер ететін болса, жаңбырлы аймақтарда өрт апатынан қауіп аз екендігі дәлелденген. Жаңбырдың емдік қасиеттері ерте заманнан бері белгілі. Дін тұрғысынан алып қарасақ, сәуір айындағы жауын-шашын дертке дауа, ауруға шипа. Сәуір жаңбыры қояншық секілді психикалық ауруларға ем болады деген де түсінік бар.

Маңызды ескерту: Сәуір жаңбырын алуда ыдыс биік жерге қойылады. Жаңбыр тіке ыдысқа түсуі керек. Жылғадан аққан су жарамайды.

Биолог ғалымдар әйелдерге беттерін жұмсақ жаңбыр суымен жууға кеңес беруде. Себебі, ол терінің ылғалдылығын сақтайды. Сондай-ақ жаңбыр суы жүрек-тамыр ауруларынан зардап шегетін адамдарға аса пайдалы. Жаңбырдан кейін ауа ылғалдылығы жоғарылап, тыныс алу жеңілдейді.

Ал, зауыт-фабрикалы аймақтарда мекендейтін тұрғындар үшін бұл табиғи құбылыстың кері әсері көп. Өңдеу орындарынан шыққан түтін, бұлт қатпарларындағы жаңбыр суын ластайтын көрінеді. Тиісінше мұндай жауын-шашынның астында қалған адамның шашы түсіп, түрлі тері ауруларына шалдығып, организмі улануы ықтимал.

 

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар