Жаңалықтар

Henkel компаниясы балаларды қуантқан күн

ашық дереккөзі

Henkel компаниясы балаларды қуантқан күн

 Бала – ерекше көңілді қажет етеді. Бала – жақындарынан жылу күтеді. Бала алдында мақсатқа жетелейтін адамның болғанын қалайды. Ол сол үшін де бала. Ал балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көңілін кім аулайды? Алматы облыстық №1 балалар үйінің директоры Гүлмира Сансызбайқызы: «Бұл акцияның біздің балалар үйінде өткеніне дән ризамыз. Ауламыздың жасылға бөленгені бізді де қуантады. 40 ағаш егілді. Енді әр бала әр ағашқа ат қойып алады. Тіпті, оларға өздерінің інісі, қарындасы сияқты қарайтынына сенімдімін. Кез келген бала бір-біріне қамқорлық жасауды осы ағашты баптаудан үйренеді», –  дейді. «Қазақстанды жасылдандыр» акциясын осымен бесінші мәрте ұйымдастырған Henkel компаниясы шараны Small сауда желісімен бірлесіп өткізіп келеді. 8 сәуір мен 5 мамыр аралығында Persil, Perwoll,Vernel, Bref, Somat сауда белгісіндегі тауарды сатып алған жағдайда оның 50 теңгесі жасылдандыруды қолдауға жөнелтілді. Henkel компаниясы ұйымдастырған акцияның арқасында Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Тараз қаласында 1705 ағаш отырғызылды. Бұл қалаларда биыл тағы да 150 ағаш егіледі.