«Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне Қаныбек Жұмаш тағайындалды

«Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметінде Қаныбек Жұмаш мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстарын, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция және барлық деңгейдегі мәслихат фракцияларымен мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын, салалық және аймақтық бағдарламалардың орындалуын, бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануын, ұйымдастыру-бақылау жұмыстарын қадағалайтын болады.

Қаныбек Жұмаш әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (химик-оқытушы), Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (экономика және құқық) бітірген.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінде, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ретінде, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары ретінде бірқатар жылдар бойы жұмыс істеген.

2015 жылдың тамыз айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2013 ж. – «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button