Жаңалықтар

Электронды сатып алушылар 2,3 миллионға жеткен

ашық дереккөзі

Электронды сатып алушылар 2,3 миллионға жеткен

Үкімет отырысында біршама өзекті экономикалық мәселелер талқыланды. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша Қазақстанда тамақ өнімдерінің электрондық сауда көлемі 15,4 млрд теңгені құраған. «Электронды замандағы электронды сауда әлем бойынша ең тиімді деп танылып отыр. Соның ішінде біздің елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан тамақ саудасы жалпы тауарлардың 4 пайыздық құнын, яғни 15,4 млрд теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылға қарай жоспар бойынша 64 пайызға өсіп, 134,5 млрд теңгеге жетеді», - деді министр. Руслан Дәленов Қазақстанда интернетте сауда жасаушылардың саны артқанын айа келе: «Сауданың ұтымды түріне айналып үлгерген интернет саудасында шектеу де, шекара да жоқ. Ол дегеніміз кез-келген жерде отырып, әлемнің арғы түкпірінен қажетіңізге қол жеткізу. Қазір мұндай адамдар Қазақстанда 2,3 миллионға жетті» - деді.

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ