Жаңалықтар

Елордада 8,6 млн түп гүл егіледі

ашық дереккөзі

Елордада 8,6 млн түп гүл егіледі

Нұрсұлтан қаласында  гүл егу науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл 162 288 шаршы метр жерге 8,6 млн түп гүл отырғызу жоспарланған. Қаланың барлық аудандары көгалдандыру жұмыстарын бастады.Соның ішінде «Алматы» ауданында – 50 436, «Есіл» ауданында – 80 999 шаршы метр, «Сарыарқа» ауданында –16 155 шаршы метр аумаққа гүл отырғызылады. Қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек: «Аудан әкімдері мердігерлерді анықтау бойынша жұмысты күшейтуі керек. Сондай-ақ қала аудандарының 30 мамырға дейін гүл егу жұмыстарын аяқтап, барлық қажетті шараларды қабылдауы керектігін атап өткім келеді», – деді әкімдіктегі кезекті отырыста. Биыл гүлдердің рекордтық саны егіледі деп жоспарланған. Арман Тұрлыбектің айтуынша, гүлдертің түп саны 8,6 миллион болады. Жоспарға сәйкес көктемгі кезеңде қалада 14 мың ағаш отырғызылмақ. Мәселен, өткен жылы көктемде 13 234 тал егілді. Бүгінге дейін елорданың барлық аудандары 6 688 ағашты (47%), сондай-ақ бұталы қоршаудың 1 450 погонды метрін екті. Сонымен қатар аудан басшыларына шөп шабу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. «Ауа райына байланысты шөптің қарқынды өсуі байқалады. Осыған байланысты барлық саябақтарда, гүл бақтарында, жол жиегіндегі учаскелерде және гүлзарларда алғашқы шөп шабу шаралары 10 күн ішінде аяқталуы керек», – деді А.Тұрлыбек

Карымхан Қали