Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайды

Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайды

Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайды
ашық дереккөзі
Жаз айларында қосымша пойыздар қатынайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды. Атап айтсақ: - «Алматы - Орал»  бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта - Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады. Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ-ы  Шығыс Қазақстан облысы ікімдігімен  біріге отырып,  жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды  іске қосады. Олар: - №457/458  «Семей-Достық»  бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап    тамыздың 31-не дейін  күн ара жүреді. Жолдағы жүру  уақыты 17 сағат 13 минут.  - №459/460  «Өскемен-1 - Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1- ші жұлдызынан бастап 31-ші тамызға дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 18 сағат 57 минут.