Парижге бет алған 2 ұшақ бағытын өзгертті

Парижге бет алған 2 ұшақ бағытын өзгертті

Парижге бет алған 2 ұшақ бағытын өзгертті
ашық дереккөзі

Америка Құрама Штаттарынан Франция астанасына бағыт алған Air France әуе компаниясының екі ұшағы бортта жарылыс болуы мүмкін деген қауіптен өз бағыттарын өзгертті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

А-380 лайнеріне бомба  болуы мүмкін деген хабар түскен. Бұл уақытта ұшақ Лос-Анджелестен Францияға 65-рейсті орындаған еді. Мұндай хабарды естісімен A-380 лайнері Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайына қарай бағыт алды. Аталмыш ұшақтың бортында 497 жолаушы болыпты.

Ал Вашингтоннан Парижге қарай ұшып бара жатқан Boeing 777 әуе лайнері мәжбүрлі түрде Галифакс әуежайына қонды. Лайнердің бортында 298 жолаушы болған еді. Ұшақтар әуежайға қонғаннан кейін екі лайнердің де жолаушылары эвакуацияланды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар  жарылыс туралы келіп түскен хабарламаларды тексеру үстінде.

Айта кетейік, Францияда өткен аптадағы терактілерден кейін төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.