«Менің отбасым» байқауы өтті

8 мамыр, 2019 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
«Менің отбасым» байқауы өтті 2019 жылдың 27 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Отбасы күніне орай «Менің отбасым» байқауы өтті. Байқауды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесе ұйымдастырды. Жоба қала әкімі Бауыржан Байбек бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2019 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша жүзеге асырылып отыр. Байқауға консерватория студенттері және олардың жанұялары қатысты. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жас ұрпақтың бойындағы ұлттық болмысты, жоғары адамгершілік құндылықтарды сақтап қалу, қазіргі ғаламторсыз өмір сүре алмайтын жағдайға келе жатқан заманда жастарымызды виртуалды әлемдегі әртүрлі теріс бағыттағы топтардың және арсыздықтардың жетегінде кетірмеу, бабаларымыздан қалған үлгі-өнеге, салт-дәстүрлеріміз, рухани құндылықтарымызды олардың бойына сіңіру өте маңызды жұмыс екені аян. Отан отбасынан басталады дейді аталарымыз. Адам негізгі тәрбиесін жанұяда алатынын ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасында отбасы институтының мәртебесін сақтау, көтеру ісіне баса назар аударылған. «Менің отбасым» байқауы осы бағытта жасалып жатқан жұмыстардың ішіндегі ең өзектілерінің бірі. Байқаудың мақсаттары: