Алатау аудандық сотында студенттермен кездесу өтті

Алатау аудандық сотында студенттермен кездесу өтті

Алатау аудандық сотында студенттермен кездесу өтті
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы М.Нурбеков «Тұран» колледжінің құқықтану бөлімінің 3-ші курс студенттерімен кездесiп, тәжірибесімен бөлісіп, сот жүйесінің қызметімен және жаңашылдықтарымен таныстырды.  width= Аудандық сот судьясы Марат Амангелдіұлы электрондық сот жүйесінің тиімділігін, сот қызметін жақсарту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралардың барысын түсінідіріп өтті. Судьяның айтуынша, электрондық қызмет түрлері іске қосылған соң сот қызметі біршама жақсара түскенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, судья М.Нурбеков 2019 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын айтып, соттағы жүктеменің біршама азайғанын сөз етті. Судья М.Нұрбеков студенттерге еңбек жолындағы қиындықтары мен қызық оқиғаларын айта отырып, заң саласының маңызы, судьяның жауапкершілігі жайлы әңгімеледі. Ұйымдастырған кездесуден біршама қызықты ақпарат жинап, сот тынысымен танысып, судьяға қойылған сауалдарына толық жауап алған студенттер алғыстарын аямады.