Ақпараттық хабарлама: «Түркістан» халықаралық газеті»
Ақпараттық хабарлама: «Түркістан» халықаралық газеті»
«TÚRKISTAN» халықаралық газеті – 1994 жылдан бері қазақ тілінде жарық көретін саяси апталық. Газеттің форматы – D2 Газет аптасына 1 рет, бейсенбі күні шығады. Газеттің бір бетіндегі жарнама көлемі – 1600 ш.см. Апталық тираж – 5000 данадан кем емес. 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «TÚRKISTAN» газетінде және www.turkystan.kz сайтында беру талаптары жайында хабарлайды. Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібі Үгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3-тармағының 28-бабында көзделген көлемде, Газеттің меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады. Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке модуль немесе мақала түрінде ұсынылады. Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын Газеттің беттерінде орналасуын Редакция өзі анықтайды. Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке шығатын күнінен 3 (үш) жұмыс күн бұрын беріледі. Егер Президенттікке кандидат сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ, заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Газеттің баспа бетіндегі орынның төлемақысы мен оны төлеу тәртібі Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар үшін басылым бетінен орын беру ақысы: Дайын мақаланы немесе модульді ішкі бетке орналастыру 1 ш см. − 1200 теңге ҚҚС қоса есептегенде; Дайын мақаланы немесе модульді 1-бетке, 8-бетке (түрлі-түсті бет) орналастыру 1 ш см. − 1500 теңге ҚҚС қоса есептегенде. Дайын мақаланы www.turkystan.kz сайтында орналастыру (кеңістікті есептегенде әрбір 2500 п.б. дейін 1 күннен кем емес) − 40 000 теңге ҚҚС қоса есептегенде; Төлем Газет басылымнан орын беруі туралы тиісті келісімшартында көрсетілген банк реквизиттері бойынша немесе ұсынылған төлемшот негізінде алдын ала, төлемшот ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленуі тиіс. Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даң. 79/71, 347 кеңсе. Байланыс тел. 8 /727/ 279 08 11; 279 08 53, turkestan_gazeta@mail.ru , gulsima_ta@mail.ru.
«TÚRKISTAN» Халықаралық газеті» ЖШС