Жаңалықтар

Трамп пен Ердоғанның не көздегені бар?

ашық дереккөзі

Трамп пен Ердоғанның не көздегені бар?

Трамп пен Ердоған С-400 қаруын Түркияға орналастыру мәселесін талқылады. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенді Режеп Ердоған дүйсенбі күні телефонмен сөйлесіп, Ресейдің С-400 зенитті-зымыран кешенін Түркияға орналастыру мүмкіндігін талқылады. Анкараның ресми мәліметі бойынша, Ердоған Трампқа С-400 кешенінің саудасына қатысты екі елдің бірлескен комиссиясын құруды ұсынған. Ақ Үйдің мәлімдемесінде бұл туралы айтылмады. Түркияның Ресейден С-400 сатып салғысы келген жоспарн АҚШ қатаң сынап отыр. Вашингтон Ресей қаруын Түркия аумағына орналастыру НАТО стандарттарына қайшы келеді деп есептейді. Бұның алдында Ердоған өз шешімінен бас тартпайтынын мәлімдеген. Бұл ниетін ол жақында Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде растады. Алғашқы әскери кешен Түркияға биыл шілдеде жеткізіледі деп жоспарланған. АҚШ пен Түркия келіспейтін тағы бір мәселе - Иранға қарсы америкалық санкциялар. Сириядағы жағдай да келіспеушіліктер туғызды, өйткені Ердоған АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күрестегі одақтасы - күрдтерге қарсы қарулы операция жүргізгісі келеді.