29 Сәуір, 19:16 857 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ тіліне деген құрметті байқап отырмыз

 Этникалық қақтығыстар ең қуатты деген мемлекеттерді құлдырауға алып келеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Ассамблея сессиясында айтылған сөздер мен баяндамалар біздің жолымыздың дұрыс екенін дәлелдейді. Әр мінбеден айтылған сөз  - бұл біздің идеологиямыз, яғни бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп отыр. Әр сессия сайын қазақ тіліне деген құрметті байқап отырмыз», - деп тоқталды Елбасы. Осы орайда сессия барысында мемлекеттік тілде сөйлеген өзге ұлт өкілдері қазақ тілін өте жақсы меңгергенін атап өтті. «Бүгінгі мінбеде айтылған сөздерден біздің өмірдің түрлі қырынан, саласынан мәлімет берілді. Бірлік, достық, тұрақтылық  - біздің саясаттың негізгі ұстанымы. Осы арқылы гүлдену мен өмір сапасын арттыруға қол жеткіземіз», - деді Тұңғыш Президент. Сонымен қатар Н.Назарбаев бүгін өзіне қатысты жылы лебіздерін айтқан адамдарға алғысын жеткізді. «Бүгін жылы лебіздерін айтқан адамдарға алғысымды айтамын. Қазір Президент болмағаннан кейін, осындай пікірлерді үздіксіз тыңдай беремін», - деп әзілдеді Елбасы. Бұдан бұрын хабарланғандай, Н. Назарбаев сессия барысында  президенттік өкілеттігін тоқтату турасында пікір білдіріп, бұл дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар