Бішкекте уран өндіруге қарсы митинг өтті  

Бішкекте уран өндіруге қарсы митинг өтті  

Бішкекте уран өндіруге қарсы митинг өтті  
ашық дереккөзі
26 сәуірде Бішкектің Ала-Тоо алаңында Қырғызстанның аймағында уран өндіруге қарсы наразылық акциясы өтті. Жогорку Кеңештің ғимаратының алдында басталған акцияға қоғам белсенділері қатысты. Акцияға шыққандар қолдарына «Уранды емес ұрыларды іздеңдер!», «Урансыз келешек!», «Урансыз Ыстықкөл!» деп жазылған плакаттарды көтеріп тұрды. Олар сонымен бірге осыған дейін өлкенің барлық аймақтарынан уран қазуға қанша лизенция берілгені бойынша мәлімет беруді, лицензияларды қайтарып алуды талап етті. Елдің бірінші вице-премьер-министрі Кубатбек Боронов 25 сәуірде Тоң ауданы тұрғындарымен кездескен кезде «Қырғызстандағы ЮрАзия» компаниясына Қызыл-Омпол кенішін өндіруге берілген лицензияның қайтарып алынғанын айтқан. 22 сәуірде Қызыл-Омпол уран кенінде жұмыс уақытша тоқтатылған. Премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев 24 сәуірде парламентте уран кенінде істеп жатқан «Қырғызстандағы ЮрАзия» компаниясы 2004 жылы тіркеуден өткенін, 2010 жылы кенді геологиялық барлау жұмысына рұқсат алғанын айтқан. 2015 жылы лицензиялық келісім ұзартылған.