ЖАҢА ТЕҢГЕ МОНЕТАЛАРЫ АЙНАЛЫМДА
ЖАҢА ТЕҢГЕ МОНЕТАЛАРЫ АЙНАЛЫМДА
26 сәуір – «TÚRKISTAN» weekly. ҚР Ұлттық банкі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік монеталарды айналымға шығарды.
Монеталардың дизайнын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда мақұлдаған.
«2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып «QAZAQSTAN» деп жазылды. «QAZAQSTAN» деген жазуы бар мемлекеттік елтаңбаны пайдалану туралы талап 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді. ҚР мемлекеттік елтаңбасы теңге монеталары дизайнының міндетті элементі болып табылатындықтан, Ұлттық банк 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген монеталарды айналымға шығару туралы шешім қабылдады. Олардағы жазулар латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып мемлекеттік тілде орындалған», – делінген Ұлттық банк таратқан мәліметте.