26 Сәуір, 12:46 566 0 Сыртқы саясат Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңдегі халықаралық форумға қатысуда

26 сәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде өтіп жатқан «Бір белдеу – бір жол» форумына қатысып, сөз сөйледі. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Жоспар бойынша, форум кезінде «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының алты жылғы жұмысы қорытындыланып, дамыту шаралары қабылданады.

Басылымдар: «Бағдарлама жайлы бастама көтерген адамдардың бірі ретінде Н.Назарбаев Қытай лидері Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен соң сөз сөйлейді», – деп жазады.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Н.Назарбаевты форумдағы «ең маңызды және құрметті қонақ» деп атаған. Пекинде өтетін «Бір белдеу – бір жол» екінші форумына 37 ел қатысады.

Н.Назарбаев Пекинге кеше, 25 сәуірде түнде жеткен. ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі «сапар кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесуі жоспарланып отыр» деп хабарлады.

Соңғы жаңалықтар