Декларацияны бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады

Декларацияны бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады

Декларацияны бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады
ашық дереккөзі
Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына биыл 27 жыл толды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Салық – мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемле-кеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспар. Ұлт Жоспары елімізге «2050» Стратегиясын жүзеге асыру және Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын берік қо-рын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты – мемлекеттегі «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, сонымен қатар оларды жүйелі әрі түбегейлі түрде емдеу. Жалпы, үшінші институттық реформа «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» деп аталады. «100 нақты қадамда» салыққа қатысты бірнеше қадамдар бар, атап айтқанда, 37-қадамда «Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру», 39-қадамда «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады», 42-қадамда «2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу», 43-қадамда «Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады», 44-қадамда «Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу», 45-қадамда «Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімін оңтайландыру» міндеттері күн тәртібіне қойыл-ған. Ел экономикасының қос қанаты – салық пен кеден Ұлт жоспарының нақты қадамдарына іспен жауап беруге тиіс. Өйткені, Қазақстан алдына бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін қойды. Бұл жетістікке де қол жеткіздік. Дүниежүзілік институттар барлық көрсеткіштер бойынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Ал енді Елбасы өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Сондықтан Ұлт жоспарын дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан тағы бір үлкен қадам деп түсінгеніміз абзал.

Ұлағат БАРАХАН,

Алатау ауданы Кірістер басқармасының бас маманы