Facebook-қа 5 млрд доллар айыппұл салынуы мүмкін

Facebook-қа 5 млрд доллар айыппұл салынуы мүмкін

Facebook-қа 5 млрд доллар айыппұл салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
Facebook әлеуметтік желісіне бес миллиард доллар айыппұл салынуы мүмкін. АҚШ-тың федерал сауда комиссиясы Facebook әлеуметтік желісіне бес миллиард доллар айыппұл салуы мүмкін, - деп хабарлайды CNBC. Facebook желісі 2019 жылы бірінші тоқсанында кірістер туралы есебінде айыппұл туралы мәліметтер көрсетілгені айтылады. Оған себеп, миллиондаған қолданушылардың жеке мәліметтерін жинап, жайып жіберген Cambridge Analytica IT-компаниясының әрекеті.  Құжатта ФСК компанияға үш миллиард доллар айып салатынын, алайда бұл сома бес миллиардқа жетуі мүмкін екені айтылады. Бірақ бұл шара нақты қанша мерзімге созылатыны және соңғы шешім қандай болатыны туралы ешқандай кепілдік жоқ.  Жылдық есеп бойынша, 2019 жылы бірінші тоқсанда компанияның табысы өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға (2,43 миллиард доллар) артқан.  Осыған дейін, әлеуметтік желі электронды поштаға "кездейсоқ" 1,5 миллион қолданушының рұқсатынсыз жеке мәліметтерді жүктегені туралы айтылған еді. Мәліметтер жаңа қолданушыларды идентификациялау жүйесі жұмысы аясында жасалған.  Осылайша, Facebook тек қана электронды поштаны ғана емес, оның паролін де алып отырған. Бұл 2016 жылдан бері қолданушылардың рұқсатынсыз жасалып келген.