12 жасар қазақ қызының ерлігі

12 жасар қазақ қызының ерлігі

12 жасар қазақ қызының ерлігі
ашық дереккөзі
Жуырда БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында «Abu-Dhabi World Jiu-Jitsu Championship – 2019» чемпионаты болып өтті. Аталған жарыста 12 жастағы қазақ спортшысы Жібек Құлымбетова бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз 32 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Өзіне қарсылас болған 5 спортшыны да ауырту әдісімен жеңіп, алтын медальді иеленді. Жас спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында: «Алланың қалауымен джиу-джитсу күресі бойынша екінші рет әлем чемпионы атандым! 5 қарсыласыма ауырту әдісін жасап, таза жеңіске жеттім. Маған қолдау көрсеткен, жанкүйер болған барлықтарыңызға шын жүректен алғыс айтамын!», – деп жазды. Сондай-ақ, Жібек Құлымбетова қазақтың көк байрағын биікке көтере алғанына қуанышты екенін атап өтті. «Еліміздің көк туын биікке көтере алғаныма қатты қуанамын! Аллаға мыңда бір шүкір! Қазақ елі жасай берсін!», – дейді спортшы. Аталған жарыста қазақстандық өзге де жас спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Марат Мағжан, Каухарбек Амина, Баймұхан Әмір, Жүнісов Әрсен, Абуханов Санжар, Асылбеков Ибрагим алтыннан алқа тақса, күміс медальді Шабанов Гамзат, Фахрудинов Вадим, Салимов Таймас,  Мадами Бексұлтан еншіледі. Қола алғандар Нұрлыбек Бекнур, Нұртан Аңсар, Баятанов Абдулла, Жаманбай Алихан мен Ғалымжан Мелесов. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан қанжығасына 6 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль бұйырды. Жарыстың екінші күні қыздарға арналып, Қазақстан намысын қорғаған 4 спортшымыз да жеңіс тұғырынан көрінді. Ел қоржынына 4 бірдей алтынды Салимова Малика, Құмар Балайым, Махамбет Алина мен Жібек Құлымбетова сыйлады.