Агроөнеркәсіп дамып келеді

Агроөнеркәсіп дамып келеді

Агроөнеркәсіп дамып келеді
ашық дереккөзі
Өткен жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында: «агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек», – дегенді. Қазір өңірлердегі диқандар өнім көлемін арттыруға дайын отыр. Жолдауда көрсетілген негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Өткен жылы Қазақстан 3 млрд доллардан астам ауылшаруашылығы өнімін экспорттады. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасын алға сүйрейтін негізгі фактордың бірі екені белгілі. Елбасы айтқандай, мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Бұл ретте білім мен ғылым саласының дамығаны да маңызды. Аталған қажеттілік жолдауда да айтылды. «Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн», – деді Елбасы. Бұл да уақыт талап етіп отырған құбылыс. Сондықтан Үкімет алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастырған еді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бөлінген қаржы өзін-өзі ақтайды дейді мамандар.

«Түркістан-ақпарат»