Елордада үгіт парақшаларын орналастыратын орындар белгіленді

Елордада үгіт парақшаларын орналастыратын орындар белгіленді

Елордада үгіт парақшаларын орналастыратын орындар белгіленді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында кандитаттардың үгіт парақшалары мен баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілі болды. Бас қалада мұндай 60 орын белгіленген. Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджановтың айтуынша, «ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығының қабылдануына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 25 қыркүйектегі ҚР Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орнын белгілейді. Сонымен қатар кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жай береді. «Осыған орай «ҚР Президенттігіне кандидаттарына үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы №06346 қаулысына өзгерістер енгізілуде», – деді Азаматхан Ахметжанов. А.Ахметжановтың айтуына қарағанда, Елорданың 31 сайлау учаскесінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін көрінеді. «Оның ішінде №236 сайлау учаскесі орналасқан 3660 әскери бөлім басқа облысқа ауысып, учаске жабылды. 13 сайлау учаскесінің орталықтары өзгерді. Жаңа көппәтерлі тұрғын үй кешендері мен көшелер пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер бұзылды. Сонымен қатар кейбір нысандарға жаңа атаулар берілді. Осыған орай Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №0121 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек», – деді А.Ахметжанов.

«Түркістан-ақпарат»