Әскер мен БАҚ арасында ойын өтті

Әскер мен БАҚ арасында ойын өтті

Әскер мен БАҚ арасында ойын өтті
ашық дереккөзі
2019 жылдың 23 сәуірінде  Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен  әскерилендірілген квест (әскери-спорттық ойын) өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  имиджін арттыру, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау. Егеменді еліміздің айбынды Армиясының жетістіктерін насихаттау. Квест бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды: 1-ші кезең. ҚӘ ӘИ оқу орталығымен таныстыру, курсанттардың ату дайындығы бойынша практикалық сабақтарын көрсету, Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядпен ату, взводтың жауынгерлік ату жаттығуларын көрсету. 2-ші кезең: Журналистер арасында әскери-спорттық ойын-эстафетасын өткізу. Әскери-спорттық ойын-эстафетасы келесі жарыс түрлерінен тұрады: тактикалық сұрақтарды шешу, карталармен жұмыс жасау, сонымен қатар  жылдамдық қозғалысын, бұзылған баспалдақты, қабырғаны, лабиринтті өту, оқ-дәрілермен жәшікті көтеріп жарға түсу,  сымды кедергілерден өту, граната лақтыру, ЖӘҚЖ-ды уақытқа киіп үлгеру, ату қару-жарағынан практикалық сынақ тапсыру және одан да қызықты сайыстар ұйымдастырылған. Ең қажеттілігі командалық рух және барлық ұжымның ұйымшылдығы. 3-кезең: Автомат АК-74-тен ату және жауынгерлік машинаны жүргізу. Ойынның қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:1 орын «ТҮРКІСТАН» газеті және "Хабар 24" телеканалы мен "Еуразия" телеканалдарының журналистерінен құралған "Қасқыр" командасы. 2-ші орын "Казспорт" командасы, 3-ші орын "Ұлан" газетінің командасы. Жеңімпаздарды арнайы грамотамен Құрлық әскерлерінің Әскери институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник  Жұмабек Хасенов дипломд және сыйлықтармен  марапаттады.