Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУҒА БАСШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ КЕЛЕТІН ЗАМАН БОЛДЫ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУҒА БАСШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ КЕЛЕТІН ЗАМАН БОЛДЫ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:  МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУҒА БАСШЫЛАРДЫҢ  ЖАҢА БУЫНЫ КЕЛЕТІН ЗАМАН БОЛДЫ
ашық дереккөзі

Ғалым ОМАРХАН

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген Президент сайлауына еліміздегі жетекші саяси партияның атынан түсетін кандидаттың есімі айтылды. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvZmQ0YzFjYjYzZDNjOWNjZmIyZDFjZjFkYTU0MWFlNDAuanBnIiwidGl0bGUiOiJmZDRjMWNiNjNkM2M5Y2NmYjJkMWNmMWRhNTQxYWU0MCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvMDRiODg2OTYxNTkyYzNhZTQ2Mzc2ZmEyYTFlMGRmMzUuanBnIiwidGl0bGUiOiIwNGI4ODY5NjE1OTJjM2FlNDYzNzZmYTJhMWUwZGYzNSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"] Съезд жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева  мен Нұрлан Нығматулин,  Премьер-министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, барлығы 1500-ден астам адам қатысты. Съезді Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жүргізіп отырды. Сөз кезегі ең әуелі партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Елбасы өз сөзінде еліміздің жаңаша кезеңге аяқ басқандығын атап өтті. – 19 наурызда мен президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін ойланып, толғанып, осындай оңай емес шешім қабылдадым. Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман болды. Уақыт солай, өмір солай. Бұл іс Қазақстанның абыройын арттырып, беделін биіктете түседі деп сенемін. Біздің қазіргі шешіміміз соған қолдау көрсетіп, жағдай жасайтын болады, – деді. Партияластарының алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыр дағдарыс жағдайында басталған тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолы оңай болмағанын еске салды. – Экономиканың жаппай күйреуі халықтың басым көпшілігін күйзеліске ұшыратты. Көптеген сарапшылар этносаралық шиеленістер мен қақтығыстар болады деп болжам жасады. Бірақ біз өзіміздің егемен елімізде бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруге лайықты екенімізді бүкіл әлемге дәлелдедік. Менің «алдымен экономика, сосын саясат» деген негізгі қағидатым дұрыстығын дәлелдеді, – деді Nur Otan партиясының Төрағасы. Елбасы әрі қарай өзінің қиын кезеңдерде ел басқарғанына қарамастан әрбір ісін қолдаған халқына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Nur Otan партиясының Төрағасы Қазақстанның одан əрі табысты дамуын біздің бағдарымыздың сабақтастығы ғана қамтамасыз ететінін айтты. – Төртінші өнеркəсіптік революция талаптарына сəйкес елімізді технологиялық жəне инфрақұрылымдық тұрғыдан дамытудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Цифрландыру жəне инновацияны енгізу есебінен еңбек өнімділігі мен экономиканың бəсекеге қабілеттілігі артты. Осы ауқымды жұмыстардың бəрі бүкіл қазақстандықтардың əл-ауқатын арттыруға бағытталған, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Конституция бойынша өзіне бекітілген өкілеттіліктерге сəйкес Отанымызды өркендету үшін жұмыс істей беретінін айтты. – Мен Төраға болып қала беретін Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында атқаратын жұмыстар көп. Қоғамдық келісім мен ұлтымыздың бірлігін нығайту үшін ісімізді жалғастыра береміз. Қауіпсіздік Кеңесін басқара отырып, мен өзімнің көпжылдық тəжірибемді ішкі жəне сыртқы саясатты анықтай отырып, елімізді дамытудың бірқатар негізгі мəселелерін шешуге бағыттаймын. Мен бұрынғысынша ең ірі Nur Otan саяси партиясының Төрағасы болып қала беремін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Сонымен қатар Төраға съездегі маңызды мәселеге тоқталды. – Бүгін партия атынан өз кандидатымыздың атын ұсыну үшін жиналып отырмыз. Бұл өте маңызды. Біз бүгінде бүкіл әлемге тәуелсіздігімізді сақтай отырып, өз даму жолымыздың барын дәлелдей білдік. Тағы бір дәлел – әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылуымыз, − деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Қазақстан халқын алдағы уақытта зор болашақ күтіп тұрғанын, оған қол жеткізу қазақстандықтардың қолында екенін баса айтты. – Мен партия төрағасы ретінде партия атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Тоқсаныншы жылдардың басы мен екі мыңыншы жылдардың аяғында мемлекеттік маңызы бар реформаларды қабылдауда Тоқаевтың еңбегі зор. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп сенемін. Тоқаев әр іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері, халықаралық аренада беделі бар тұлға. Қасым-Жомарт Кемелұлы көп жылдар бойы еліміздің Сыртқы істер министрлігін басқарды. Оның дипломатиялық тәжірибесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы да жоғары баға берді. Сол сияқты 1998 жылғы Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін, ел экономикасының қайта тік тұруына атсалысты, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Елбасы өз сөзінде билік тізгінін тапсыруға саналы түрде барғанын тағы бір айтып өтті. Өйткені осы жағдайға байланысты әлі күнге алаңдаушылық білдіріп отырған қазақстандықтар аз емес болып шықты. – Мен саналы шешім жасадым. Ондай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Серіктестерімнің кадрларына зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіреуіне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім. Осы шешім дұрыс деп білемін. Мен осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен − бақытты адаммын, бақытты саясаткермін, − деді Н.Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев сөз арасында Қазақстан халқына деген жүрекжарды лебізі мен ыстық ықыласын да жасырып қала алмады. Тіпті «Қайтадан сайлауға түсіңіз» деген ұсыныс-тілектердің де көп болғанын айтты. – Мен біздің азаматтардан көп хат алып жатырмын. Қазақстандықтар менің сайлауға түсуімді сұрауда. Маған білдіріп жатқан осындай махаббат пен  қарым-қатынас үшін басымды иемін. Мен адамдардың алаңдаулы екенін білемін. Сол себепті, Қасым-Жомарт Тоқаевты барша қазақстандықтардың тең құқығы мен достық саясатын ұстанатын бірден-бір адам деп мәлімдеймін, − деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев өзіне дәулетті де сәулетті Қазақстанды құру мүмкіндігі бұйырғанын алға тартты. – Отыз жыл бойы Қазақстан маған жоғары лауазымды қызметті сеніп тапсырды. Мен өзіме заманауи Қазақстанды Сіздермен бірге құру мәртебесі бұйырғанын мақтан тұтамын. Қандай қиын кезеңдер болмасын, менің халқым әрдайым маған және менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, соңымнан ерді. Соның арқасында біз көптеген жетістіктерге жеттік. Менің өз халқыма деген алғысым шексіз , − деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасыдан кейін жарыссөзге шыққан делегаттар да  тәуелсіз мемлекетімізді басқаруға бірден-бір лайықты азамат Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айтты. Олардың қатарында  олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те бар. «Сонау 1980 жылы Мәскеуден алтын алқа тақтым. Қазір мал шаруашылығын жандандыруға өз үлесімді қосып келемін. Жақында ғана өз қолыңызбен Қазақстанның Еңбек Ері атағын табыс еттіңіз. Әлем таныған заңғар тұлғасы, елі сүйген Елбасысыз. Айбынды атағыңызбен шын жүрегіммен құттықтай отырып, Сіз ұсынған кандидат Тоқаевты бірауыздан қолдайтынымызды айтқым келеді. Біз жанжалы емес, арманы көп халықпыз. Nur Otan партиясының ұйғарымы халықтың ұйғарымы деп білемін», − деді даңқты спортшы. – Еліміздің жан-жақты дамуы тұрғысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті − Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыру үшін мен сайлауға қатысамын, − деді өз кезегінде сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан  Республикасының Президенті өзіне көрсетілген үлкен сенімге зор жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. – Қазақстан Президенттігіне үміткер етіп ұсынған Елбасыға шын жүректен алғыс айтамын. Мемлекетіміздің негізін қалаған Ұлы тұлғаның маған артқан жауапкершілік жүгін бүкіл болмысыммен сезінемін. Сондықтан сенімге серт беріп, үлкен үміттің үдесінен шығу үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәуелсіз Қазақстанда тұрақтылық пен тұтастықтың, береке-бірлік пен тату тірліктің, бақуатты өмірдің орнығуы үшін Елбасының сіңірген еңбегі ерен. Оны бүкіл қазақстандықтар жақсы біледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі үшін әлі де елеулі үлес қоса беретіні сөзсіз.  Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де айтып өтті. – Әрине, заманауи Қазақстанның басшылығында болған адам ретінде мені еліміздің болашағы, біздің бастамалардың табыстылығы, азаматтарымыздың әл-ауқаты алаңдататыны анық. Маған Конституциямен, заңдармен бекітілген өкілеттіктеріме сәйкес  халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жұмысымды жалғастырамын. Сонымен қатар, жаңа Президенттің жұмыстарына қолдау мен оның табысқа жетуі үшін қызмет етемін, − деді Елбасы. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің осы ойын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі өрбітті. – Тұрақтылық пен татулықтың арқасында Тәуелсіздігіміз тұғырлы болды. Елінің ертеңін ойлаған Елбасы Есілдің бойына жаңа елордамызды орнатты. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы дүниежүзі өкілдерінің басын қосып, ауқымды мәселелерді талқыға салатын жаһандық орталықтардың бірі ретінде қалыптасты. Рухани бай мұраларымыз зерделі ұрпақтың зейінін ашып, көне тарихты қайта жаңғыртты. Осының барлығы теңдессіз тұлғаның тегеурінді істері арқылы жүзеге асқанын дана халқымыз жақсы біледі. Сондықтан Тұңғыш Президентіміздің жеңісті, жемісті жолын жалғастыруды мен аса мәртебелі міндет әрі қасиетті парыз деп санаймын. Елбасымыз айқындаған стратегиялық бағыт әрқашан біздің айнымас бағдарымыз, адастырмас темір қазығымыз болады, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды. Елбасы алдағы Президент сайлауына қазақстандықтарды белсенді қатысуға шақырды. Өйткені, бұл егемен еліміздің әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосылуына бастайтын маңызды қадам. – Сайлаудың қорытындысы бойынша Nur Otan партиясы жетекші саяси партия ретінде өзінің мәртебесін күшейтуі керек. Мен жеңіске жететінімізге сенімдімін. Себебі біздің алған бағытымыз дұрыс. Ал халық бізге сенеді. Ел азаматтары бізге әрқашан сенуі керек. Соған жұмыс істеуіміз қажет. Барлығына тек сәттілік тілеймін! Алға Nur Otan, алға Қазақстан!, − деді Елбасы партияның кезектен тыс XIX съезіндегі қорытынды сөзінде.

Нұр-Сұлтан қаласы

  Нұрлан НОҒАЕВ, Атырау облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы:  width= – Nur Otan партиясының XVIII съезінде Сіз жария еткен «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» партиялық жобалары өңірлерде бастау алып, азаматтардың мұқтажына дәйекті жауап және үлкен қолдау болды. Өңірімізде көпбалалы аналарға жәрдемдесуге бағытталған Isker ana жобасы іске қосылып, ниет білдірген 500-ден астам ананың бүгінгі күні 100-і сегіз мамандық бойынша білім алды, курсты сәтті аяқтаған қатысушыға өз істерін бастау үшін гранттар беру көзделуде. Сіз әрқашан ұлт мүддесін, ел бірлігін, мемлекет бекемдігін, саяси тұрақтылықты еліміздің дамуының алғышарттары екенін атай отырып, саяси дана шешімдер қабылдауыңызбен ел сеніміне ие болған, әлем мойындаған саясаткерсіз! Алдымызда тұрған ендігі басты мақсат – Тұңғыш Президентіміз, Елбасы саясатының алтын арқауы, басты өзегі болған ел бірлігі мен ынтымағының жарасымды жалғасын қамтамасыз ету. Президенттік өкілеттілігіңізді тоқтату жөніндегі шешіміңізді атыраулықтар алғашқы сәтте алаңдаушылықпен қабылдағаны рас. Дегенмен бұл шешімнің себебін Өзіңіз түсіндірген соң, бойымыздағы толқу сезімі сейілді. Бұл тарихи сәт еліміздің болашағына деген ұстанымыңызды, көрегендік-көсемдігіңізді тағы да айшықтады. Кәсіби біліктілігімен, әрсалалы тәжірибесімен, адалдығы және адамгершілігімен танымал адам ел бастаса Елбасымыздың стратегиялық бастамаларын жалғастырып, халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына, еліміздің дамуына бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз. Нұртөре ЖҮСІП, «Айқын» газетінің бас редакторы:  width= Уақыт зымырап өтеді. Кешегі күн қандай? Бүгінгі күн қандай?! Мемлекет құрудың ең қиын жолынан өттік. Жақсы, жарқын күндерге жеттік. Егемендiктiң ең алғашқы күндерінен бастап отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үнемі қолдау көрсетiп келесіз. Осы жылдар арасында ұлттық баспасөзіміз қалыптасты. Қазақстан журналистикасы Тәуелсіздік тұсында айтарлықтай шыңдалды. Жетілді. Елбасымыздың барлық бастамаларының мәні мен маңызын халыққа жеткізу, түсіндіру, насихаттау жолында БАҚ өкілдерінің еңбегі өте зор. Ақиқатты жоқтаған, аталы сөзге тоқтаған елміз! Қазіргі уақыт – қай жағынан алсақ та өте маңызды. Қазақ ұлты әлемдік бәсекеге қабілетті болсын дедіңіз. Алға кеткен озық елдер «Қазақ қашан бізді қуып жетеді» деп тосып тұрмайды ғой. Сондықтан қамсыз болмай, қалғып кетпей, қол қусырып қарап отырмай, көркейген Қазақстанның асыл мұраттарына ұмтылған дұрыс. Бұл заман – біліктінің заманы. Бұл заман – білімдінің заманы. Қазіргі әлем тез өзгеріп жатыр. Сана өзгерді. Әлемдік саясат та өзгеріс үстінде. Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуді бүкіл Қазақстан халқы қолдап отыр. Тыныштық пен тұрақтылық – Тәуелсіздіктің тірегі! Саясаттағы сабақтастық жалғасуы керек. Бәрімізге бейбіт өмір керек! Жеткен жетістіктерімізге мәз болмай, бір орында тұрып қалмай, алға өрлеу керек. Осындай жағдайда Президент сайлауын өткізудің елдік маңызы өте жоғары. Бәріміз тас түйін жұмылып, Елбасымыздың саралап салып берген жолын жалғауымыз қажет. Съезд ұсынып отырған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы – елге танымал тұлға. Бәріміз жақсы білеміз. Мемлекет және қоғам қайраткері. Аты-жөні әлемге мәшһүр. Ұлт зиялысы. Қазақ мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне шынайы жанашыр жан. Елде, халықаралық деңгейде құрметі мен абыройы бар азаматтың қазақ мүддесі үшін адал қызмет жасайтынына сенім мол. Сіз сенген адамға ел де сенеді! Аса көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайдың: «Тарихқа, тағдырға төтеп беретін халық елдікке жетеді» деген қанатты сөзі бар. Бұл күнде ел Тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтауға сақадай сай, саналы да сапалы қазақ баласының жаңа буыны қалыптасты. Қазақтың ертеңі – солардың қолында. Келешегіміз – кемел, жетістіктеріміз – жедел болғай!   Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы,               Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері:  width= – Сайлау әділ өтеді деп Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де айтып жатыр. Тұңғыш Президент те бізге тиімді, ұтымды, лайықты кандидатураны таңдауға ұсыныс жасады. Кеше партия өзінің байламын айтты. Жазушылар, жалпы интеллигенция шығармашылық рухта тәрбиеленген тұлға болса жақсы қолдау білдіреді. Кім сайланса да Елбасы саясатын әрмен қарай сәтті жалғастырып, ел дамуын еселей түссе құба-құп. Президент сайлауы елдің ең шешуші кезеңі екендігін әрбір қазақстандық дұрыс түсіне білгені абзал. Аягүл МИРАЗОВА, ҚР Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері:  width= – Өздеріңізге мәлім, осыдан бір ай бұрын Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Президенттік  өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Конституциялық негізде Республика Президентінің өкілеттігі Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа көшті. Мемлекеттік биліктің Заң жүзінде халыққа ұнасымды ауысуы және ел дамуының сара жолының адал сақталуы, сөз жоқ, Елбасының көреген кемелдігінің арқасы. Мерзімінен бұрын сайлау өткізуді де уақытылы әрі дұрыс қабылданған  шешім деп есептеймін. Ал күні кеше өткен NurOtan партиясының съезінде, Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Елбасы бұл шешімнің аз уақыт ішінде қабылдана салмағанын, іштей бірнеше жыл бұрын дайындалғанын айтты. Расымен, бұл да Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты саясаткер әрі көреген басшы екенін тағы бір мәрте аңғартты. Сондай-ақ, бұл көптің көкейінде жүрген шешім болды. Бүгінгі күнге дейін ел жүгін абыроймен арқалаған Елбасы өзінің ұзақ мерзімді стратегиялары және бағдарламаларымен ел болашағын баянды, келешегін кемел етуге негізделген даму картасын жасап берді. Дәулет КӘРІБЕК, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы:  width= – Сіздің 19 наурыз күні жариялаған тарихи шешіміңізді барша жас өте үлкен тебіреніспен қабылдады. «Тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңдер» деп жастарға арнап айтқан үндеуіңіз әрбір жастың жүрегіне қозғау, ойына салмақ салып, Тәуелсіздік ұрпақтарына қанатын қомдап, ел алдындағы, Елбасы алдындағы жауапкершілікті сезіндірді. Біз, жасотандықтар, Сіздің мемлекеттік бағытыңыздың мызғымастығын қамтамасыз етуге уәде береміз. Себебі, Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістігі Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегінің жемісі. Сіздің бастамаңызбен құрылған «Жас Отан» ЖҚ тарихи дамуының 18 жылында еріктілер қозғалысынан ең ірі жастар ұйымына айналды. Қазір «Жас Отан» – Сіздің стратегиялық жоспарларыңызды терең түсінетін, қолдайтын, іске асыратын мыңдаған жастың басын біріктірген беделді ұйым. Арамызда қазірдің өзінде ақылы мен әлеуеті озық, Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Бүгінде барша қазақстандықтармен бірге жасотандықтар жалындаған күш-жігерін еліміздің өркендеуіне бағыттайды. Біз, жастар Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуін қолдаймыз. Күн сайын шарықтап дамып жатқан әлемде бұл айқындықты анықтап, өз шешімімізді өз уақытында әлемге жариялау деп түсінеміз. Бүгінгі партиямыздың тарихи съезі – тек идеологиялық бағдардың бастауы ғана емес, сонымен бірге, игілікті келешектің нақты қадамдары. Сіздің мемлекеттік бағдарыңыз. Сіздің мемлекеттік бағдарыңызды жүзеге асыру арқылы жас қазақстандықтардың табысқа жетуіне, елінің дамуына үлес қосуына мүмкіндік береміз.