Дариға Назарбаева халық сөзін сөйледі
Дариға Назарбаева халық сөзін сөйледі
Сенат депутаттарының орталық атқарушы және жергілікті өкілетті органдардың басшыларымен кездесу барысында Сенат спикері Дариға Назарбаева «халық ертең емес, тап бүгін оң өзгерістер күтіп отыр» деп айтты.
Дариға Назарбаева депутаттардың халықпен кездесуі барысында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласына жиі сын айтылады.
"Халықтың алаңдауы дұрыс. Бұл мәселені жергілікті билік және өзін-өзі басқару органдары бақылауына нақты алуы тиіс. Ол үшін не істеу қажет? Аумақтарды дамыту басымдықтарын таңдау және жергілікті бюджетті жоспарлау мен бақылауда мәслихаттардың рөлі қандай? Шешім қабылдау барысында әкімдіктер емес тұрғындар мүддесін жеткізуші мәслихаттар шешуші дауысқа ие болуы үшін не істеу керек?", - деді ол.
Осы ретте Сенат төрағасы ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу үлкен жетістік болғанын айтты.
"Енді осы елді мекендердің тұрғындары өз ауылының өміріне белсене араласып, қаржыны қайда жұмсауды шешеді, өзіне-өзі қожа болады деп сендік. Заңды әзірлеушілер соны көздеді. Шынында да солай болды ма? Бәрі ойдағыдай ма? Не кедергі? Жағдайды өзгерту үшін не істеуіміз керек? Біз өңірлік тексеру комиссияларында аудит және бақылау функцияларының тәуелсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету туралы көптен бері айтып келеміз. Осы органдарды қалай жергілікті басқару жұмысының нақты құралына айналдыруға болады? Мемлекеттік басқаруды кадрмен қамтамасыз ету кейбір жерлерде ауыр мәселе болып келеді. Бұл мәселенің екі жағы бар. Бірі маман дайындау, екіншісі оларды материалдық жағынан қамту. Көріп отырсыздар сұрақтар көп. Халық ертең емес, тап бүгін оң өзгерістер күтіп отыр. Біз соған сай болуға міндеттіміз", - деді Дариға Назарбаева.