Жаңалықтар

БАС ДАУЫСТЫ ҚАЗАҚ – ИТАЛИЯДАҒЫ ӘН КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ашық дереккөзі

БАС ДАУЫСТЫ ҚАЗАҚ – ИТАЛИЯДАҒЫ ӘН КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Соңғы жылдарда қандастарымыз арасында опера өнерін жетік меңгеріп, әлемдік ән фестивальдарында жарқырай көрініп жүрген әншілер көп. Өзбек елінде тұратын тұратын қазақ баласы Жеңісбек Пиязов та сондай өнерлі қазақтардың бірі. Өткен аптада Италияда өткен Джулио Нери атындағы халықаралық ән конкурсына қатысқан қандасымыз бұл жолы да жүлделі орыннан көрінді. Атап айтқанда, байқауда үшінші орынды иеледі және «Ең үздік бас» атты арнайы жүлденің иесі болды. Жеңісбек Пиязов қазіргі кезде Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы театр студиясының опера солисі.