БАС ДАУЫСТЫ ҚАЗАҚ – ИТАЛИЯДАҒЫ ӘН КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Соңғы жылдарда қандастарымыз арасында опера өнерін жетік меңгеріп, әлемдік ән фестивальдарында жарқырай көрініп жүрген әншілер көп. Өзбек елінде тұратын тұратын қазақ баласы Жеңісбек Пиязов та сондай өнерлі қазақтардың бірі.

Өткен аптада Италияда өткен Джулио Нери атындағы халықаралық ән конкурсына қатысқан қандасымыз бұл жолы да жүлделі орыннан көрінді. Атап айтқанда, байқауда үшінші орынды иеледі және «Ең үздік бас» атты арнайы жүлденің иесі болды.

Жеңісбек Пиязов қазіргі кезде Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы театр студиясының опера солисі.

zhzhzh

Ол – Муслим Магомаев атындағы екінші халықаралық кункурсының Бас жүлдесін алған. Сондай-ақ, Мәскеуде өткен орыс романстарын орындаушы жастардың халықаралық ХІІІ «Романсиада-2009» конкурсының лауреты және  Полад Бюль-Бюль оглы атындағы Халықаралық вокалистер конкурсында екінші орын алған.

2014 жылы Өзбекстанның еңбек сіңіріген әртісі атағын алған.

Жеңісбек Пиязов туралы мақаланы оқыңыз.

Back to top button