Жаңалықтар

Мұрат Есжанның екі авторлық фильмі таныстырылды

ашық дереккөзі

Мұрат Есжанның екі авторлық фильмі таныстырылды

Мұрат Есжанның "I'm going to Paris" дебюті Америка сценаристер гильдиясында жоғары бағаға ие болды. Ал жобаны "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегері – продюсер және сценарист Жанна Сью Мемель қолдады. Қазақстандық жас режиссер өз шығармашылығы арқылы техника дәуіріндегі адамның жан-дүниесіндегі мәселелерді, әлеуметтік желілердің қоғамға әсері жайлы тақырыпты көтереді. 2019 жылы 18 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық кинематографистер – Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілдаеваның "Тиын" және "I' m going to Paris" драмалық картиналарының тұсаукесері өтті. Екі фильм де фестиваль форматындағы авторлық жұмыстар. Картиналардың өндірісімен отандық MurAi Production компаниясы айналысты. "I' m going to Paris" туындысының продюсері Жанна Сью Мемель қысқа метражды фильмдер категориясы бойынша үш дүркін "Оскар" сыйлығының лауреаты атанған. Мұрат пен Айсауле шығармашылықтары негізінде отбасылық құндылықтар идеялары мен "сандық" дәуірде өмірдің мәнін ашуды көздейді, яғни әлемде кейде объективті шындық виртуалды шындықпен қақтығысқа түсетінін көрсеткісі келеді. Екі жобаның да негізгі месседжі – әркім шын мәнінде бақытты болуға және туған-туысқандары мен жақындарының жанында толыққанды өмір сүруге лайық. Кино көрсетілім ForteBank бас кеңсесінде Astana Film Academy қолдауымен ұйымдастырылды. Көрерменге "I'm going to Paris" фильмі ағылшын тілінде, "Тиын" фильмі қазақ тілінде ұсынылды. Қонақтартар шара барысында ойын-сауық бағдарламасын да тамашалады. Ерлі-зайыпты Мұрат пен Айсәуле Есжан – «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы San-Francisco Film Academy бітірген қазақстандық жас кинематографистер. Мұрат – киносценарист, Айсәуле продюсер мамандығы бойынша білім алған. Олар оқудан кейін "I' m going to Paris" дебюттік фильмін түсірді. Бұл кинолентаны түсіруге арналған қаражаттың бір бөлігі краудфандинг арқылы жиналды, ал жалпы бюджеті 13 мың долларды құрайды. "I' m going to Paris" картинасында Парижге баруды армандайтын қыз Лоре туралы баяндалады. Ол саяхат жасауды және әдемі өмір сүруді армандайды. Алайда, ол сол кезде жай ғана мейрамханада жұмыс істейтіндіктен, актерлік мансабын бастауда сәтсіздіктерге ұшыраса береді. Дегенмен, Лоре әлеуметтік желілерге жалған посттар мен суреттерін жариялап, шын мәніндегі арманының қандай екенін білдіретін. Фильм көрерменді адамның өткен өмірімен таныстырады, ол өз өмірін оффлайнға өзгерте алмайтын және Лора үшін жалғыз жанға жайлы мекен виртуалды ойластырылған әлем ғана. "Фильмді түсіру өте қиын болды. Локациялар ақылы еді. Барлығы рұқсат алуды қажет етеді. АҚШ-та заңдарға өте жауапты қарайды және көп жағдайда құжаттамаларды рәсімдеу ұзақ уақыт пен әжептәуір ақшаны талап етеді. Сонымен қатар, түсіру тобы жұмысының ақысын төлеу, сондай-ақ қымбат тұратын камераға кейде қарулы күзет жалға алу қажет. Кейбір түсірілімдер Сан-Францисконың қолайсыз аудандарда жүргізілді", дейді Айсәуле Әбілдаева. Отандық кинематографистердің еңбектері еш кеткен жоқ. Жоба Америка сценаристері гильдиясының (Writers Guild of America) өкілдері тарапынан оң бағасын алды. Сондай-ақ, Мұраттың ағылшын тіліндегі толықметражды киносценарийі Scriptapalooza сценарийлері конкурсының нұсқасы бойынша Американың үздік 100 сценарийі қатарына енді. Байқауға 3500-ден астам өтінім түскенін де айта кеткен жөн. Елге оралғаннан кейін Мұрат “Қазақфильм” киностудиясының “Дебют” шығармашылық жобасының аясында «Тиын» атты екінші фильмін таспалады.