Португалияны дағдарыс жайлады

Португалияны дағдарыс жайлады

Португалияны дағдарыс жайлады
ашық дереккөзі
Португалия билігі елді энергетикалық дағдарыс жайлағаны туралы мәлімдеді: жанар-жағармай жеткіліксіз, жанармай бекеттерінде ұзын сонар кезек. 2 мыңға жуық автожанармай құю станцияларында қаралы күнге сақтаған қор да бітуге таяған. Елде ереуілдер мен көтерілістер орын алуда. Әсіресе, жанармай тасушы жүргізушілердің билікке айтатын назы көп. Олар жалақының өсірілуін, қолайлы еңбек жағдайының жасалғанын және ең бастысы, өз қызметтерінің заңнамалық тұрғыда мойындалғанын талап етеді. Билікпен келіссөз жүргізген профсоюздар емханалар мен аэропорттарды жанармаймен қамтамасыз етіп жүрген жүргізушілердің жалақысын көбейтіп, қызметін заң тұрғысында қайта қараймыз деп сендірген. Елдің әуе қызметі төтенше жағдай үшін сақталған жанармай қорларын пайдалануға мәжбүр екенін айтты. Сондай-ақ, керосин жетіспеушілігінен кем дегенде бір рейс ұшырылмай қалған.