Жайықтағы балықтар хлордан уланған

Жайықтағы балықтар хлордан уланған

Жайықтағы балықтар хлордан уланған
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігінің өкілі Мұхтар Қожаев Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу себебін айтты. Ресми нұсқа бойынша, балықтар хлордан уланған. Былтырғы жылдың басынан бері 119 тонна балық қырылған. Қазіргі кезде билік өкілдері хлордың өзенге қалай түскенін анықтап жатыр. Ихтиологтар өзеннің түбінде әлі талай балықтың өлексесі жатуы мүмкін дейді. Ал экологтар Оралды таза ауыз сумен қамтамасыз етіп келген Жайық өзенінің бұдан былай адам өміріне қауіпсіз екендігіне күмәнмен қарайды. Айта кетейік, сәуірдің басында жергілікті билік өкілдері өзендегі өлі балықтардың барлығы жиналды, қорқуға себеп жоқ – су таза, ал қалған балық жеуге жарамды деген еді. Десе де, балық өлекселері әлі де су бетіне шығуда.

«Түркістан-ақпарат»