Жаңалықтар

СҰРАҒЫ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ

ашық дереккөзі

СҰРАҒЫ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ

Бейресми деректерге сүйенсек, жер бетіндегі автокөлік саны 1 миллиардқа жуық. Ширек ғасыр бұрын небәрі 500 миллион болған темір тұлпар ендігі отыз жылда 2 миллиардтан асады дейді мамандар. Автокөлік көбейген тұста экология мен экономика мәселесінен бөлек, көлік тұрағының түйткілі күн тәртібінен түспей келеді. Мегаполистердегі көлік санының жылдан-жылға көбеюі көлік тұрағына деген тапшылықты байқатса, соңғы жылдарда орын алған ақылы тұрақ мәселесі де біраз әңгімеге азық болардай. Алматы қаласында «aparking.kz» ақылы тұрақтары қойылғалы бірнеше жыл өтсе де халық наразылығы сейілмеді. Әуелі көлік қояр тұрақ таппай сенделетін көлік жүргізушілері, енді ақылы тұрақтың ақысын төлейтін паркомат іздеп сарсаңға түсетінді шығарды. Ресми орган өкілдері бұл олқылықтың орны жылдан жылға оңалып келеді деп жауап берді. Алғашында 2 мыңға жуық паркоматтар жұмыс істесе, қазір қала бойынша олардың саны 11 мыңнан асқан. Десек те, ендігі түйткіл тұрақ бағасының тым қымбаттығы болып отыр. Мәселен көлік жүргізуші ақылы тұрақ аймағына кіргеннен кейін 15 минут ішінде алғашқы төлемді жүргізуі керек. Ондай болмаған жағдайда 3 АЕК көлемінде, екінші рет қайталанса 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Тұрақ бағасы – 100 теңге. [caption id="attachment_79630" align="alignnone" width="1024"] Соның бірі механикаландырылған ықшам тұрақ. [caption id="attachment_79632" align="alignnone" width="966"] роторлы автотұрақ[/caption]   3 тұраққа 16 көлікті сыйдыратын бұл нұсқа әлемде кеңінен қолданысқа еніп келеді. Кезекті керемет көлік тұрағының халықаралық атауы – «Tower Parking». Халық арасында кеңінен қолданысқа ие болмаса да, аталған нұсқалар қымбат тұрақтар мен тұрақ жетіспеушілігінің алдын-алу үшін ұсыналған айтулы өнер туындылары ретінде көпті мойындатып отыр. Қызық дерек: Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі сыйымдылығы жағынан ең үлкен көлік тұрағы Канадада орналасқан. «West Edmonton Mall» ірі сауда орталығының маңынан орын тепкен тұраққа бір мезетте 20 мың көлік сияды.

Арман  ҚҰДАЙБЕРГЕН