18 Сәуір, 16:06 404 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Бибігүл Жексенбай – «Астанa»телеарнасының бас директоры

 «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Астанa»телеарнасының ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. Бұл қызметке белгілі тележурналист, білікті маман Бибігүл Жексенбай тағайындалды.

Бұл туралы Маулен Ашимбаев өз Facebook парақшасында хабарлады. Бибігүл Жексенбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ бизнес-басқару магистрі. Еңбек жолын қатардағы корреспонденттен бастап еліміздегі ірі бұқаралық ақпарат құралдарының топ-менеджеріне дейін көтерілді. Атап айтқанда, «Хабар» агенттігінде, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында және «Жетінші арнада» еңбек етті, сондай-ақ, «Бас редакторлар клубының» президенті ретінде жауапты қызмет атқарды.

«Бибігүл Нұрғалиқызы көптеген тележобалар мен деректі фильмдердің авторы және «Бас редакторлар клубының» президенті ретінде де өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Қандай қызметте болса да тек талантты журналист, мықты медиа-менеджер, кәсіби маман және білікті басшы ретінде ғана танылды. Сондықтан Бибігүл Жексенбай жаңа қызметте де белсенділік танытып, «Астана» телеарнасының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз. Сол жолда Бибігүл Нұрғалиқызына және барша телеарна ұжымына шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілеймін!», – деді Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар