СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАН АУҒАНСТАНҒА 1,3 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЭКСПОРТТАҒАН

СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАН АУҒАНСТАНҒА 1,3 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЭКСПОРТТАҒАН

СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАН АУҒАНСТАНҒА 1,3 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЭКСПОРТТАҒАН
ашық дереккөзі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мохд Фархад Азимимен кездесті. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласының елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ауғанстан тарапы алдағы 4 жылда елін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай мен ұнды мемлекеттік сатып алуға қызығушылық танытты. Айта кету керек, ауған нарығы – қазақстандық бидай мен ұнның дәстүрлі тұтынушылары. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі пайдаланатындар – солтүстік ауған өңірлері, сондай-ақ, астаналық аймақ және Кабул қаласы. Сонымен қатар кездесу барысында Ауғанстаннан Қазақстанға өсімдік өнімдерін жеткізу, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін нығайту шаралары талқыланды.  

«Түркістан-ақпарат»