ШАЯХМЕТОВТЕН ШӘМШИДИНОВАҒА ДЕЙІН...
ШАЯХМЕТОВТЕН ШӘМШИДИНОВАҒА ДЕЙІН...
Білім және ғылым саласы әлі күнге реформадан көз ашқан емес. Неге екенін қайдам, осы салаға келген басшы алдыңғысы қолға алған реформаны жалғастыруға бейіл емес. Бәлкім, министр ретінде жаңалық енгізбесе, өзін жайсыз сезіне ме, әлде талап сондай ма, әйтеуір бұрынғының бәрін жоққа шығаруға құмар.
Тәуелсіздік алған 27 жылда білім саласын 15 министр басқарыпты. Олардың қазақ білімі мен ғылымының тасын өрге домалату үшін қаншалықты тер төккені жұрттың есінде. Атап айтқанда, 1988 жылдан Қазақстан Республикасындағы бірнеше министрліктер біріккенде, Шайсұлтан Шаяхметов Қазақстан Білім министрі болып сайланды. Бұл аумалы-төкпелі кезең еді. Ол Қазақстандағы білім мен ғылым туралы заңдарды дайындап, оқу жүйесіндегі реформаларды сәтті бастады. Министрлікте сол жылдары Елбасының тікелей нұсқауымен мемлекеттік деңгейдегі қаншама жаңа ойлар, талай тың идеялар, қыруар игі бастамалар жүзеге асып жатты. Әсіресе, бұрынғы одақтық бұғаудан ажырап, егемен ел болған сәттегі жалпы білім саласына байланысты сан алуан заңнамалық-құқықтық актілерді, бағдарламалық-нормативтік құжаттарды, білім мен тәрбие берудің әр саласы үшін оқу-білім тұжырымдамалары мен стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау, дербес жас мемлекеттің оқу-тәрбие жүйесі дамуының стратегиялық бағыттарын белгілеу, жоғары оқу орындары жұмысын тәуелсіздік талаптарына сай қайта құру, әлемнің әр түкпіріне тарыдай шашылған қандастарымыздың балаларын ата жұртқа оқуға тарту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге байланысты ана тілі мен әдебиеті мұғалімдерін екі жылда жеделдете даярлау, аудармашы, іс қағаздарын жүргізу мамандықтарын, қазақ тілін үйрену орталықтарын ашу, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын жасап жолға қою, білімді бағалаудың тестік жүйесіне көшу, еліміз мектептерін жаппай компьютерлендіру, т.б. талай-талай жұмыстарды атқару тәуелсіздік тұсындағы тұңғыш Білім министрі Ш.Шаяхметұлының тікелей еншісінде болды. Бұл асқаралы міндеттерді Шаяхметұлы үлкен абыроймен атқарып, елдің оқу-білім жүйесін жаңа жолға салып, бағыттап берді деп айта аламыз. Сондай күрделі кезеңде министр жалпы білім беретін орта мектептерге арналған төл оқулықтар мен өзіміздің ұлттық сипаттағы оқу құралдарын тездетіп даярлау жұмысын да оңтайлы шешті. Айталық, өткен ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттың рухани көсемі болған Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы) үлгісімен барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерді іске қосып, жалпы зиялы қауымды осынау жауапты жұмысқа жұмылдырды. Тағы бір айта кетерлігі, Шаяхметов білім саласында ұзақ отырған басшы.
1990 жылдары білім-ғылым да басқа салалар сияқты тоқырау кезеңін бастан кешірді. Мұғалімдер мен оқытушы-ғалымдар жаппай білім беру мекемелерін тастап, жұмыс орнын базарға ауыстырды.
Ал саланы 1993 жылы тізгіндеген Ережеп Мәмбетқазиев Елбасының тапсырмасына сәйкес бес облыс орталығында – Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Атырауда өңірлік университеттер ашуға атсалысты.
Осы саланың басы-қасында жүрген мамандардың айтуынша, кандидаттық және докторлық диссертацияны шенеуніктер қорғады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын сапасына қарамастан, университеттер мен академияға ауыстырды. Бұдан өзге оқу орындарында заңгерлер мен экономист мамандар көптеп дайындала бастады. Және 3 айда оқулық жазу да осы министрдің кезінде басталған көрінеді.
1997 жылы білімді мәдениет пен денсаулық сақтау саласымен біріктірді. Бұл тұста оның тізгінін Иманғали Тасмағамбетов ұстады.
Ал 1997-2000 желтоқсанына дейін министр қызметін атқарған Қырымбек Көшербаев салаға айтарлықтай жаңалық енгізбесе де, өзіне дейінгі реформаларды жүзеге асыруға еңбек еткен. Бір өкініштісі, мектептегі үйірмелер осы министрдің тұсында жабылып қалған көрінеді. Сондықтан да Көшербаевтың: «Әр министр білім саласына жаңа реформа жасамай, өзіне дейінгі жасалған жұмысты жалғастыра отырып, бұл саладағы жүйелі жұмысты қамтамасыз ету керек» деуі бекер емес.
Тек 2000-2004 жылдар аралығында ғана төртінші министр басқарып тұрғанда төрт бағдарлама қабылданған. Қ.Көшербаев 2000 жылдың қараша айының аяғында «2005 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы» бағдарламасын ұсынды.
Бір қызығы, 1999-2000 жылдары министр болған Владимир Школьник туралы дерек жоқтың қасы.
Ол 2003 жылы «Ауыл мектебі» бағдарламасын енгізіп, көптің алғысына бөленді. Қазақтың парасатты қызы Шәмшә Көпбайқызы өзінің өнегелі өмірінде екі мәселеге қатты көңіл бөлді. Ол біріншіден, ана тілінің тағдыры, екіншіден, қазақ мектебінің тағдыры. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің өсу алғышарттарының бірі – мемлекеттік тілінің қай салада да салтанат құруын қатты қадағалаған ұлтшыл ұстаз қайда еңбек етсе де, ана тілінің абыройын алға қойды.
Іле-шала 2004 жылы Жақсыбек Құлекеев «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасын қабылдады.
Бiлiм саласында қолға алған ең басты реформасы Жақсыбек Құлекеев енгiзген ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң жаңа әдiсiн ойлап табуы. Ол ҰБТ-дағы «Қазақстан тарихы» пәнiне шүйлiктi, сондай-ақ, келесi жылдан бiлiм деңгейiн анықтайтын пән саны 4-еу емес, 6-ау болатындығын жария еттi. Соңында, талапкерлердiң бiлiмiн анықтау үшiн қазiргi ҰБТ-ның жүйесiн өзгертетiндiгiн мәлiмдедi. Демек, еуропалық бiлiм стандарттары бойынша дүниеге келген ұлттық бiрыңғай тестiлеу Әйтiмоваға ұнамаса да, жаңа бастама енгiзе алмады. Ол ұлттық бiлiм берудi енгiзуге, соның iшiнде өзгетiлдi мектептерде мемлекеттiк тiлдi үйретуге құлықсыздық танытты. Сол кездегі депутаттар Мұхтар Шаханов, Амангелдi Айталы сияқты тіл жанашырлары ұсынған Бiлiм туралы заң жобасын қолдамады. Яғни, министрлік мектеп түлектерi Ұлттық бiрыңғай тестiлеуде (қай мектептi бiтiргенiне қарамастан) мемлекеттiк тiлде емтихан тапсырсын деген бапты «бұл елiмiздегi басқа ұлт өкiлдерiн тiлдiк тұрғыдан дискриминацияға ұшырату» деп қабылдады. Тіпті, оның кезінде мектептерде мемлекеттік тiл пән ретiнде аптасына 3 сағат қана жүргiзiлдi.
ҰБТ дауы одан кейінгі министрлерді де тыныш отырғызбады. Әсіресе Жансейіт Түймебаев министр болған жылдары министрлікке тестілеудегі олқылықтарға байланысты шағымдар көп түсті.
Бірақ ата-ана мен ұстаз қауымы министрліктің «колледж студенттері жоғары оқу орнына түсерде кешенді сынақ тапсырады» деген бұйрығын қолдамағанын айту керек. Мамыр айында Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өскемен қаласындағы 700 оқушыға арналған білім ұясының құрылысына бөлінген 1,5 млрд теңгені қолды қылғаны үшін Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті қамауға алған болатын. Сол кезде Жұмағұлов орынбасарының мұндай әрекетке барғандығы жөнінде қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан еді. Ал кейбір сарапшылар орынбасары қылмыспен қолын былғап жатқанда басшысы өз еркімен отставкаға кету керектігін айтқан. Демек, министрдің қызметтен кетуіне негізгі себептің бірі осы болса керек. Оның үстіне бір топ ғалым Жұмағұловты докторлық диссертация жазу кезінде плагиаттықпен айналысты деп шу көтерді. «INSIDERMAN» интернет-басылымында «Министр Жумагулов подозревается в масштабном и беспринципном плагиате» атты материал жарық көрдi (авторы – А.Құдайқұлов). Оның айтуынша, Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов өзiнiң 1997 жылы қорғаған докторлық диссертациясын түгелге жуық өзге ғалымдардың еңбектерiнен жымқырған. Атап айтсақ, орыс ғалымдары В.Н. Монахов, С.Н. Антонцев, А.Н. Коновалов, О.Б. Бочаровтың еңбектерiнен көшiрген. Айтпақшы, Бақытжан Жұмағұлов министр болып тұрғанда қолға алған маңызды бастамасы ретінде шетелдегі қазақ ғалымдарын елге қайтаруға әрекеттенгенін атап айтуға болады. Ол шетелдерде еңбек етіп жүрген қазақ ғалымдарын елге қайтару жөнінде мәжіліс депутаттары алдында бастама көтеріп, сыртта жүрген 125 ғалымның Қазақстанға қажет екенін ашық айтқаны есімізде. Нәтижесінде біраз ғалымдар елімізге оралып, жұмыс істей бастады.
Ал Білім және ғылым министрі қызметіне Аслан Сәрінжіпов тағайындалған кезде
Көпшілік министрдің үштілділік оқыту жүйесіне, оқулықтағы олқылықтар, ЖОО-на түсу жүйесінің өзгеруіне қатысты реформаларына сын тақты. Сағадиевтің «саясаты» сауат ашуға емес, сауатсыздыққа әкеп соққандай әсер бар. Айдың-күннің аманында әліппесіз қаламыз деп кім ойлаған? «Сауат ашу» пәнін оқу бағдарламасына енгізген министрлік «Әліппені» мектепалды дайындық тобында оқытуға кірісті. Сағадиевтің тағы бір шығынды шаруасы – сырттан маман шақыруы. Білім және ғылым министрлігі 2016-2018 жылдар аралығын қамтитын бағдарлама қабылдаған. Соның аясында былтыр шеттен 22 адам қызметке алынып, 40 топ-менеджер шақырылған. Оларға бюджет есебінен 2 миллиард 78 миллион 200 мың теңге бөлінетіні де айтылды.
Биыл ақпанда бұл қызметке талай жыл білім саласының майын ішкен маман Күләш Шәмшидинова келгенде қуанбаған адам кемде кем.
– Ш.Шаяхметовтен бері 15 министр тағайындалды. Жаңа министрден де аса ештеңе күтпеймін. Білім саласында қызмет істеп жүргенде де ашық пікір айтып, кемшілікті түзетуге дайынбыз дегенді айтқан емес. Қысқасы, шешуге тырысқан жоқ. Алайда министр болғалы айтқан ұсынысының бәрі құлаққа енеді. Мысалы, үштілділікке, материалдық-техникалық базаға, тестілеуге байланысты дұрыс пікір айтты. Бірақ оны орындау жағына күмәнім бар. Себебі, оның айналасындағылар білім саласының баспалдағынан өтпегендер. Маман жоқ жерде білім саласын түзеу мүмкін емес. Екіншіден, кез келген мәселеге дайындықпен кірісу керек. Мысалы, Шәмшидинова министрдің орынбасары болып жүргенде талай мәселені айттық та, жаздық та. Бірақ бірде біріне жауап қайтарған жоқ. Оқулықта 1998 жылдан бастап қате кете бастады. Соны бұл кісінің толық түзеуге мүмкіншілігі болды. 12 жылдыққа көшу мәселесі де сол кезде көтерілді. Оған мұғалімдер тапшы, материалдық-техникалық база, көрнекі құралдар дайын еместігін айта алмады. Меніңше, Шайсұлтан Шаяхметов пен Ережеп Мәмбетқазиевтен басқалары білім саласын құлдыратып жіберді.
PS:
Біз еліміздің білім және ғылым саласын басқарған министрлердің қолға алған бастамалары мен енгізген реформаларының жай-жапсарына тоқталдық. Саралай келе, бірі бастаған істі екіншісі іліп әкетпейтініне көз жеткіздік. Білім саласына тиімді талай реформаның аяқсыз қалып жатқаны содан шығар. Ендігі үміт – Шәмшидиновада.
Динара
МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ