Жаңалықтар

Түргеш теңгелері Түркістан маңынан табылды

ашық дереккөзі

Түргеш теңгелері Түркістан маңынан табылды

Бұған дейін Түргеш теңгелері Тараз қаласынан табылғаны хабарланған еді. Ал жақында түргеш теңгесі Түркістан облысына қарасты Күлтөбе қалашығы маңынан табылды.   Қазіргі кезде жалпы көлемі 2 мың шаршы метр аумақ қазылды. Нәтижесінде діни жоралғыларды жасайтын ғимарат, тандыр пеші бар тұрмыстық бөлме, түрлі ыдыс-аяқтың сынықтары, балалар ойыншықтары, теңгелер табылды. Соның ішінде ең маңыздысы – Қ.А.Ясауи кесенесін қаптауға пайдаланылған өңдегіш плиткалар. Бұл Күлтөбе қалашығында осы плиткаларды өндіретін шебер орындары бар екеніне дәлел. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Күлтөбе қалашығынан археологиялық парк ашып, аспан астындағы музейге айналдыруды көздейді. Ал Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты биылғы жылдың күзінде қаланың алғашқы экспозициялық бөлігін ашуды жоспарлап отыр. Ал археологиялық паркті ашу жөніндегі жұмыстарды толық жүзеге асыру ісі 2021 жылға көзделген.