ӨГЕЙ ШЕШЕ ӨКСІТКЕН

ӨГЕЙ ШЕШЕ ӨКСІТКЕН

ӨГЕЙ ШЕШЕ ӨКСІТКЕН
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы оқушы қыздың жағдайы жантүршігерлік Соңғы кезде көптеген балалар үлкендер тарапынан жаслаған қатыгездіктің құрбаны болып жатыр. Сондай оқиғаның хабары енді Түркістан облысынан шықты. Оқушының денесіндегі көгерген, соққы тиген жерлерді байқаған ауыл мектебінің мұғалімі полицияға хабар берген шақырған. Ол бойынша қылмыстық іc қозғалып, қыздың өгей анасы полицияға жеткізілген. Полицияның анықтауынша, қыз баланы оның өгей анасы ұрып-соққан. Денесін қысқышпен қысқан, сондай-ақ пышақ іздері бар. Қазір бұл істі ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ, БҒМ өз бақылауына алған. Түркістан облысының білім басқармасы оқушы қыздың үйде соққыға жығылып, азапталғанын растап отыр. Қазір өгей анасынан зәбір көрген қыз әжесінің қамқорлығында. Аталған жағдай бойынша бүгін ҚР Ғылым және білім министрі Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Бұл жайында  Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің фейсбук желісіндегі парақшасына былай деп жазды: «Түркістан облысындағы сұмдық оқиғаны естігенде қиналмаған адам болмаған шығар. Бейкүнә сәбилердің мұншалықты қорлық көруі айтуға ауыз бармайтын адамшылыққа жат көріністер. Сондықтан «Nur Otan» партиясы бұл оқиғаны дереу назарға алып, қажетті шараларды қолға алды. Осыған орай партия жанынан құрылған Республикалық балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес шұғыл іске кірісіп, мән-жайды анықтау жұмыстарын бастап кетті. Соған байланысты Кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиеваға және партияның облыстық филиалына тиісті тапсырмалар берілді. Қажет болса партия тергеу жұмыстарына да көмектесуге дайын. Біз кінәлінің заң аясында жазаға тартылуы үшін барлық шараларды қолға аламыз. Жалпы мұндай озбырлықпен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек. Сондықтан әр азамат осындай оқиғаларға бей-жай қарамай өз үнін қосса деймін. Бала құқығын таптап, елдің болашағын тұншықтыруға ешкімнің құқығы жоқ. Әр бала бақытты болуға лайық. Сондықтан партия бұл істі аяқсыз қалдырмай, соңына дейін қатаң қоғамдық бақылауда ұстайды».

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ