Мұғалім оқушыны ұрған деп айыпталуда

Мұғалім оқушыны ұрған деп айыпталуда

Мұғалім оқушыны ұрған деп айыпталуда
ашық дереккөзі
17 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Ақтөбедегі №45 орта мектеп мұғалімі Арайлым Елдесоваға қатысты тергеу басталды. Оқушы бас-ми жарақатымен ауруханада ем қабылдап жатыр.  Ақтөбе полициясы мұғалімді тергеуге алды. Істің мән-жайы әлі белгісіз. «10-сәуірде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №4 полиция бөліміне бастауыш сынып мұғалімінің 1сынып оқушысына дене жарақатын келтіргені туралы ата-анасының шағымы түсті. Ақтөбе медицина орталығының балалар стационарында кәмелетке толмаған балаға «жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы» диагнозы қойылған. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-тармағы, яғни, «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша соталды тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқушы ем қабылдап жатыр, ал мұғалімді жұмыс тобы бақылауға алды. «11 сәуір күні 1 сынып оқушысының әжесі немересін ұстазы 1 сағат 45 минут ұрды деп арыз түсірді. Арыздан соң мектеп ішінде жұмыс тобы құрылып, тексеру жүрді. Сынып жетекшісі Арайлым Елдесованың түсініктемесі алынды. Ол оқушыға қол көтермегенін айтты. 11-16 сәуір аралығында ата-аналар балаларының сабағына қатысты. Полиция да балалар мен ата-аналарды қатар отырғызып, түсініктеме алды», - деді мектеп директоры Алмагүл Ешмағамбетова. кетейік, ата-ана жас маман Арайлым Елдесованы жұмыстан шығаруға талап қойған. Ал мұғалім өзінің оқушыға қол көтермегенін айтты. «Оқушыны қыркүйектен бастап алып, сабақ беріп келемін. Оқу үлгерімін жаман деп айта алмаймын. Мен ұрған жоқпын, неге бұлай айтқанын білмеймін», -деді А.Елдесова