Париждегі шіркеу өртенді
Париждегі шіркеу өртенді
Париж қаласындағы Құдай ана шіркеуі отқа оранды. Оқыс оқиғаға куә болғандардың Twitter парақшасына жарияланған фотолары мен видеоларында шіркеудегі өрттің ауқымын байқауға болады.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта тілсіз жаумен тынымсыз күрес жүріп жатыр. Француз астанасының басты символдарының бірі саналатын Париж орталығындағы католиктік шіркеудің аумағын жауапты қызметтер қоршауға алған. Көп ұзамай Құдай ана шіркеуіндегі алапат өрт сөндірілді. «Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында. Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген». Еске сала кетейік, Нотр-Дам де Пари соборында 15 сәуір күні жергілікті уақытпен 18:50-де өрт шыққан болатын. Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің үстіңгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін.