Жаңалықтар

Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті. Неге?

ашық дереккөзі

Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті. Неге?

15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында тегін Рахат деп өзгертті. Сонымен қатар жеке өміріне қатысты мәліметтер қатары да «ажырасқан» деп жаңарған. Ондағы мәліметке сүйенсек, тұңғыш президенттің жиені осы жылдың 5 ақпанында ажырасқан. Айсұлтанның "Назарбаев" тегінен бас тартқаны туралы танымал блогерлер де желіде жазып жатыр. Жуырда Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желіде видео жариялап, Қағбаны айналып жүргенін көрсеткен болатын. Айсұлтан Рахат видеожазбасына желі қолданушылары бар жақсы тілекті жаудырып, 500 пікір қалдырған.