15 Сәуір 2019, 12:32 732 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Президент сайлауына 9,4 млрд теңге бөліне ме?

Қазақстан президентін сайлауға үкімет қорынан 9,4 млрд теңге ғана бөлінуі мүмкін. "Ашық НҚА" порталында министрлер кабинетінің осындай қаулы жобасы жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"ҚР үкіметінің қорынан 2019 жылдың республикалық бюджетте шұғыл қажеттіліктер үшін қарастырылған 9 404 771 000 теңге тоғызыншы маусымға белгіленген ҚР кезектен тыс президент сайлауына бөлінсін", - деп жазылған құжатта.

Осы сомадан Орталық сайлау комиссиясына 9 347 885 000 теңге, ал СІМ-не 56 886 000 бөлу жоспарлануда.

Бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі қадағалайтын болады. Еске сала кетейік, ОСК кезектен тыс салау өткізуге 12 млрд теңге қаржы қажет екенін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар