Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кездесті
ашық дереккөзі
15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен ресми кездесті. Қос мемлекет басшысының кездесу рәсімін «Өзбекстан» телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvMjdmNjZiZjExNWIwZmY4OWMzOWJmN2VhYzQ3ODI2MzcuanBlZyIsInRpdGxlIjoiMjdmNjZiZjExNWIwZmY4OWMzOWJmN2VhYzQ3ODI2MzciLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ==,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNzZhZmQ0NDM2YjE5NTY2YmE1MWQ4NjQwMTExNDc5NDIuanBlZyIsInRpdGxlIjoiNzZhZmQ0NDM2YjE5NTY2YmE1MWQ4NjQwMTExNDc5NDIiLCJjYXB0aW9uIjoiIiwiYWx0IjoiIiwiZGVzY3JpcHRpb24iOiIifQ=="] Алғаш болып Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалып, мемлекеттік рәмізге құрмет көрсетілді. Президенттер қос тарап делегация өкілдерімен амандасқаннан кейін ресми кездесуді әрмен қарай жалғады. Делегация қатарында әр сала министрлері мен өкілдер бар. Атап өтсек, Қазақстаннан СІМ министрі Бейбіт Атамқұлов, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Президен әкімшілігі басшысының орынбасары Дархан Кәлетаев, Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек және тағы басқалар бар. Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған.