Жаңалықтар

Кенеден зардап шекпейін десеңіз...

ашық дереккөзі

Кенеден зардап шекпейін десеңіз...

15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly.  «Адам ағзасына инфекциялардың жұғуы - кене шаққандағы ең басты қатер», -делінген ТЖК таратқан хабарламада. Жазда - табиғат ортасындағы демалыс - стрестен арылу және күш-қуатты қалпына келтірудің ең жақсы жолы. Қала тұрғындарының көпшілігі саябақтарда және орманды алқаптарда бос уақытын өткізуді құп көреді. Кейбіреулер далаға саяхатқа шығып, жаяу туризммен әуестенеді. Осындай сапарға аттанбас бұрын демалыстың шырқын бұзатын жайсыздықтардан сақтану керек. «Көктемде - жәндіктер көбейеді. Шыбын- шіркейлер, сона, ара және басқа да шағатын жәнжіктер денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бірақ ең қауіптісі - тас кенелер. Көзге түспейтін кішкентай қансорғыштар құрбанын көбіне шөпте, бұталардың арасында күтеді. Орманды және орманды-дала алқаптарында демалуды жоспарлағандардың тас кенелер туралы және кене шаққан кездегі алғашқы көмек көрсетудің әдістері туралы аздаған білімі болуы қажет», - делінген хабарламада. Кене шаққан кезде - ол бірден сезілмейді, өйткені ешқандай әсері жоқ, алайда жайсыздықтар кейінірек басталады. Мамандар, кене шаққан жағдайда қалаға жақын жерде болса шұғыл түрде жарақат пунктіне жүгінуді ұсынады, өйткені мамандар тас кенені артық қауіп-қатерсіз алып тастайды. Тас кенені шаққан жерінен жұлып алу оңай емес, бірақ ең бастысы асықпай және жүйелі қадам жасау керек. Кенені шығару үшін жіпті пайдалануға болады. Бұл үшін тас кенені жіппен аса мұқият орау керек. Жіпті тас кененің денесі мен ол жабысып алған орынның арасын орап және тас кененің айналасын екі айналыммен орау керек. Пайда болған ілгекті оның мойнына сәл байлап, содан соң жіптердің шеттерін бір-біріне жалғап, екі саусақпен оны шиыршықтай бастау керек. Асығып, тез қимылдаудың қажеті жоқ. Бұл - ең қауіпсіз амал. Кенені суырып алған соң шаққан орынды спиртпен, арақпен, зеленкамен немесе йодпен емдеу керек. Содан соң қолды сабынмен жуған жөн. Кенені суы бар қақпағы тығыз жабылатын шағын ыдысқа салып, зертханаға талдау жасауға апару қажет. «Тас кенелер көбейетін мамыр-маусым айларындағы кезде саяжай маңындағы шөпті шауып тастаған жөн. Табиғат ортасында болған кезде үсті-басты үнемі тексеріп отырыңыз. Кенелер денеге бірден жабыспайды. Олар қан тамырларына жақын орынды іздейді, сондықтан өзіңіздің және отбасыңыздағы жақындарыңыздың үстін қарай отырып киімде өрмелеп жүрген тас кенені ұстап үлгеруге болады», - делінген хабарламада. Табиғат аясындағы сапардан кейін үйге келген соң киімдерді мұқият тексеріп шыққан дұрыс, Өйткені киімнің қыртысында тығылып қалған кене біраз уақыттан соң сізді тауып алуы мүмкін. Бұл айтылғандар үй жануарларына да қатысты, олардың жүндеріндегі кенелер байқалмайды. Сондықтан иттер мен мысықтардың да үсті-басын міндетті түрде тексеру керек. «Оның шаққаны біз сезбейміз, себебі кенелер тістеген орнына арнайы аурыртпайтын зат бөледі, сондықтан киімді тексеру профилактиканың ең маңызды бөлігі», - делінген хабарламада.