Жаңалықтар

Димаш өзбек даласын әнге бөлейді

ашық дереккөзі

Димаш өзбек даласын әнге бөлейді

15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Бүгін Ташкент қаласында қазақ өнерпаздары өнер көрсетеді. Оңтүстіктегі көршілеріміз үшін отандасымыз Димаш Құдайберген де ән шырқайтын болады. Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне келген Димаш Құдайбергенді өзбекстандық жанкүйерлер Ташкенттегі әуежайдан ерекше ілтипатпен күтіп алды. Құшақ-құшақ гүлдер, шар мен нан ұстаған әншінің өзбекстандық фанаттары ерекше толқыныстары мен кзедесуден алған әсерлерін әлеуметтік желіге жариялады. «Мінекей, біздің ең биік арманымыз орындалды. Біз Димашпен кездестік. Онымен иық тірестіріп суретке түсіп тұрған сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жолдан шаршап келсе де әрқайсымызға қолтаңба беріп, өзінің алғысын айтты. Біз сізге алғыс айтамыз, Димаш» делінген өзбекстандық фанклубтың Instagram парақшасында. [gallery size="medium" ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvZDVkMzM2ODAtNDM0MS00ZDNkLWE5Y2UtNDFiZjE5YmQxOTU3LmpwZyIsInRpdGxlIjoiZDVkMzM2ODAtNDM0MS00ZDNkLWE5Y2UtNDFiZjE5YmQxOTU3IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvMmZhYWUxNjEtNjdiOC00NzllLTliMTctMzI3ZGVmZTQwYzUzLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMmZhYWUxNjEtNjdiOC00NzllLTliMTctMzI3ZGVmZTQwYzUzIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvYWRlNzI5NzktYWQ0Ni00YWY2LTk4NTktNGE3OGUxNWVjYjI3LmpwZyIsInRpdGxlIjoiYWRlNzI5NzktYWQ0Ni00YWY2LTk4NTktNGE3OGUxNWVjYjI3IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="] Бүгін Қазақстанның белгілі әншілері Өзбекстан астанасында өнер көрсетеді. Димаш Құдайбергеннің әке-шешесі Қанат пен Света Айтбаевтар Instagram парақшасынан хабарланғандай,«Ozbekiston» телеарнасы бойынша қазақ әндері шырқалатын болады. Өзбекстан әртісі Жақсыкелді Сейіловтың «Жезкиік» әнін шырқап, оны «Өзбекстан» телеарнасы таратып бастады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде қала билігі Ташкент көшелерін Қазақстан символикаларымен әрлеген. Тағы бір айта кетерлігі, Өзбекстан астанасындағы Мемлекеттік музейде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрме ашылды. Онда Қазақстан Республикасының символ саналатын «Алтын адам» қойылды. Одан бөлек, ӨзА Ұлттық ақпараттық агенттігі Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты сайттың қазақ тіліндегі нұсқасын шығарды.