Мемлекет басшысы Өзбекстанда
Мемлекет басшысы Өзбекстанда
15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барды.
Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.
Мемлекет басшысын Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов және Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев күтіп алды.
Екіжақты кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою да көзделген. Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.