12 Сәуір, 18:37 177 0 Ішкі саясат Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Мұнайға сеніп өмір сүруге болмайды

12 cәуір – «TÚRKISTAN»  weekly. Қасым-Жомарт Тоқаев: Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды.

Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті.

ҚР Президенті экономика өсімін қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың, халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартудың маңыздылығын айтты. «Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды. Қазіргі заманда бұл тиімсіз. Инвестиция – экономикалық өсім мен өңірдің әл-ауқатын арттырудың негізі. Еркін экономикалық аймағымыз, соның ішінде «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы инвестиция тарту әлеуетіне ие. Сондай-ақ, туризмді дамыту ісі еліміздің перспективасы зор екенін көрсетеді. Бұл салада Маңғыстау облысының бірқатар нақты басымдықтары бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Үкіметке, министрліктерге, әкімдіктерге, даму институттарына ұлттық экономика өсімін қамтамасыз етуге, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, кадрлар іріктеу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қоғаммен тиімді қатынас орнатуға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар