Гаухар Әлімбекова 40 мың долларды қайырымдылыққа жұмсамақ
Гаухар Әлімбекова 40 мың долларды қайырымдылыққа жұмсамақ
12 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты.
Сот алқасы алаяқтық бабы бойынша істі болған әншінің апелляциялық шағымын қанағаттандырып, дәлелсіз айып тағуға болмайтынын айтты.
Тіпті, судья әншінің өзі де жәбірленуші екенін жеткізді. Алайда, 40 мың долларын даулаған арызданушы Бақыт Назарова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мұндай үкіммен келіспейтінін жеткізген.
Жәбірленуші Бақыт Назарованың айтуынша, бірнеше жыл бұрын жақын құрбысы болған эстарада өкілі тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп, одан 40 мың доллар алыпты. Алты жылдан бері үй тұрмақ ақшасын қайтара алмаған ол сотқа жүгінеді. Алайда, Әлімбекова қылмыстық істің соңына дейін соқыр тиын алмағанын айтумен болды.
"Қысқасы әділдік жеңді. Бірінші Алланың арқасында, Аллаға деген сенімнің арқасында. Негізінде мен де жәбірленушімін. Осы уақытқа дейін айтпай келдім. Ол 1 үйден ұтылса, мен 3 үйден ұтылдым. Ол 1 жарым жыл бойы үйін жалға беріп отырды", – дейді әнші.