Ғалымжан Әбдірайымов жаңа қызметке тағайындалды

Ғалымжан Әбдірайымов жаңа қызметке тағайындалды

Ғалымжан Әбдірайымов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
12 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Талдықорған қаласының әкімі ауысты. Енді бұл қызметті Ғалымжан Әбдірайымов  атқарады. Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы 14 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, «Тұран» Университетін бітірген. Еңбек жолын колхозда шебер болып бастады, әртүрлі құрылым ұйымдары мен мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аккредиттеу және аттестаттау басқармасының директоры болды. 2009-2013 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестациялау және аккредитациялау департаментінің директоры. 2013 жылдан бастап ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болған. Ал 2014-2018 жылдар аралығында ол Алматы облысы әкімі апаратының жетекшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. 2018 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Тараз әкімі болған.