12 Сәуір, 10:27 528 0 Ішкі саясат TURKYSTAN.KZ

Ғалымжан Әбдірайымов жаңа қызметке тағайындалды

12 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Талдықорған қаласының әкімі ауысты. Енді бұл қызметті Ғалымжан Әбдірайымов  атқарады.

Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы 14 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, «Тұран» Университетін бітірген.

Еңбек жолын колхозда шебер болып бастады, әртүрлі құрылым ұйымдары мен мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аккредиттеу және аттестаттау басқармасының директоры болды.

2009-2013 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестациялау және аккредитациялау департаментінің директоры.

2013 жылдан бастап ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болған.

Ал 2014-2018 жылдар аралығында ол Алматы облысы әкімі апаратының жетекшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. 2018 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Тараз әкімі болған.

Соңғы жаңалықтар